6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

6 Қаңтар 2022, 10:16
687
Бөлісу:
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фронтальды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде қар жауады, еліміздің оңтүстігі мен батысында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар және жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы ықтимал, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең батысында, Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында, күндіз батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады, облыстың батысында тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғалы, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады, облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал, облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсуі және көктайғақ болуы мүмкін, Түркістан облысының таулы асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал, облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман түсіуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы