6 қаңтарда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

6 Қаңтар 2024, 08:18
566
Бөлісу:
6 қаңтарда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Фото: Архив BAQ.KZ

Синоптиктер 6 қаңтарда еліміздің өңірлерінде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасынмен қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

Өзгелердің жаңалығы