6 млн-ға жуық жұмыс істейтін қазақстандық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ақша төлейді

29 Шілде 2022, 12:20
1831
Бөлісу:
6 млн-ға жуық жұмыс істейтін қазақстандық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ақша төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады. Ал 1,1 млн астам адам жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады. Жұмыс істейтін азаматтардың артықшылығы – олар қордан төленетін төлемдер түрінде әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда қосымша әлеуметтік қолдау алуға құқылы. Мысалы, қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу немесе асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мүгедектік немесе асыраушысынан айырылу бойынша бюджеттен осыған ұқсас мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, – деп атап өтті қор басшысы. 

Әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді. Ал төлемдерді еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілігі мен босануына, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелі бар адамдар ғана ала алады.

Айтуынша, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін төлейтін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

Ол сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлем медициналық-әлеуметтік сараптаманың жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеген жағдайда жүзеге асырылады және еңбек қызметінің жалғасуына қарамастан жүргізіледі. 2021 жылы аталған төлемді шамамен 94,7 мың адам алды. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу бөлімінде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді. 2021 жылы асыраушысынан айырылған 57,7 мыңға жуық отбасы аталған төлемді алды, - деді Нұрсұлу Кемел. 

Өзгелердің жаңалығы