6 мамырға арналған ауа райы болжамы

6 Мамыр 2020, 08:18
1960
Бөлісу:
6 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 мамыр, сәрсенбі елімізде күн райы ашық болады, алайда жел күшейеді. 

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың батыс, оңтүстік және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр, оңтүстікте қатты нөсер, шығыста түнде жауын-шашын жауады. Кей жерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін.

Атырау облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады, жел күшейіп, 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, желдың жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерде найзағай жарқылдайды.

Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерінде шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы