6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін

22 Сәуір 2021, 01:15
2990
Бөлісу:
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызыл кітапқа енген 6 қызғалдақты жұлған шымкенттік 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Түркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған ер адамды ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізді. Заттай дәлел ретінде тәркіленген алты қызғалдақ сараптамаға жіберілген. «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи паркінің қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер Қазақстанның Қызыл кітабына енген «Грейг» қызғалдақтары болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі «Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Аталған баптың санкциялары 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен жазалауды көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге де болады. Сондай-ақ мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі айырыға және сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады, – делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы