6 айда қазақстандық авиакомпаниялар 4,5 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады

8 Тамыз 2022, 18:26
1235
Бөлісу:
6 айда қазақстандық авиакомпаниялар 4,5 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады

жартыжылдықта отандық авиакомпаниялар халықаралық желілерде 1,2 млн адамды тасымалдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 60%-ға артық (2021 жылғы 6 айда – 0,75 млн адам), ішкі желілерде – 3,4 млн адам тасымалданды (2021 жылғы 6 айда – 3,6 млн адам).

Air Astana-ның жолаушылар ағыны шамамен 1,8 млн жолаушыны; FlyArystan – шамамен 1,4 млн; SCAT – шамамен 1,7 млн; Qazaq Air – шамамен 238 мың жолаушыны құрады.

Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны осы кезеңде 10%-ға артып, 8,9 млн адам болды (2021 жылдың 6 айында – 8,1 млн адам).

Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді 5 отандық авиакомпания аптасына 687 рейс жиілігімен 57 маршрут бойынша орындайды.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық ұшулар 28 елге аптасына 115 бағыт бойынша 518 рейс жиілігімен орындалады (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Моңғолия, Үндістан, Иран, Чехия, Греция, Италия, Қытай және Сауд Арабиясы (2022 жылғы қыркүйектен).

Өзгелердің жаңалығы