6 ақпанда бірнеше өңірде қалың қар түсіп, көктайғақ болады

6 Ақпан 2024, 03:50
1884
Бөлісу:
6 ақпанда бірнеше өңірде қалың қар түсіп, көктайғақ болады
Фото: архив

6 ақпанда бірнеше өңірде қалың қар түсіп, көктайғақ болады «Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 6 ақпанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астанада жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні секуында 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда екпіні - 23-28 м/с.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз күші - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20, ал облыстың оңтүстік-шығысында секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қалың қар түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) түседі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өзгелердің жаңалығы