5G қосылса, тариф қымбаттай ма? - министр жауабы

25 Сәуір 2023, 12:02
1428
Бөлісу:
5G қосылса, тариф қымбаттай ма? - министр жауабы
Фото: автордан

Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G интернет желісі орнатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет кулуарында министрге « 5G интернет орнатылса ұялы байланыс тарифі қымбаттай ма?» деп сұрақ қойылды.

Әрине әрбір нарықта болған өнімнің өз тарифі болады. Қазіргі таңда Алматыда қосылып жатқан локациялардан олар арнайы тарифтерді 5G-ге әлі қоспады. Бірақ әрине әрбір оператордың нарыққа сай өз ойлары бар. Сондықтан, олар өнімді дайындап, жариялайтын болады, - деп жауап берді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы