583 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

20 Қараша 2023, 11:52
567
Бөлісу:
583 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 111,2 мың отбасындағы 583,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Өзгелердің жаңалығы