507 ашық учаскеде екі мыңнан астам байқаушы жұмыс істейді

20 Қараша 2022, 17:25
881
Бөлісу:
507 ашық учаскеде екі мыңнан астам байқаушы жұмыс істейді
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі 507 ашық сайлау учаскесінің жұмысын екі мыңнан астам байқаушы қадағалап жүр, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Павлодар облысында тәуелсіз байқаушылар штабы жұмыс істейді.  Бірнеше үкіметтік емес ұйым өкілдері бірігіп, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылауды шешкен.

«Біздің басты мақсатымыз – сайлаудың заңбұзушылықтарсыз өтуіне көз жеткізу. Сайлау комиссияларының жұмысындағы олқылықтарға жол бермеуіміз керек. Таңертеңнен бері дауыс беру орындарында жүрміз. Әзірге ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жауапты азаматтар тарапынан кері байланыс бар. Сұрақтарымызға мардымды жауап беріп отыр», - дейді «Партиялық емес бақылау орталығы» қоғамдық ұйымы облыстық филиалының төрайымы Алма Қозбаева.

Үкіметтік емес ұйым мүшелері екі ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр. Бірінші ауысым таңғы 6.00-ден 15.00-ге дейін қызмет етсе, екінші ауысым 15.00-ден хаттамалар толтырылғанға дейін жұмыс істейді. 

Жабық сайлау учаскелеріндегі жағдай да көңіл көншітерлік. Мәселен, уақытша қамау изоляторы мен қарттар үйіндегі науқан аяқталып қалды. Өңірде бас-аяғы 500-ден астам сайлау учаскесі ашылған. 

Өзгелердің жаңалығы