5000 теңге салып, көп адамды қосу керек. Үй «алып беретін» финпирамида анықталды

13 Ақпан 2023, 12:04
1214
Бөлісу:
5000 теңге салып, көп адамды қосу керек. Үй «алып беретін» финпирамида анықталды
Фото: sputnik.kz

Шымкентте «AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов атап өткендей, «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр. 

ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек. Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген, - деді ол.

Қаржы (инвестициялық) пирамидасы схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және қысқа мерзімде артық пайда табу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырды.

«AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасының құрбаны болсаңыз, мына сенім телефондарына хабарласуға болады:

8(7172) 708-478, 8(7252) 77-14-48, 8-778-628-51-16.

Өзгелердің жаңалығы