Пәкістанда дәрігер 500-ден астам адамға АИТВ жұқтырған

17 Мамыр 2019, 22:10
2355
Бөлісу:
Пәкістанда дәрігер 500-ден астам адамға АИТВ жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанның оңтүстік өңіріндегі 500-ден астам тұрғын адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған. Белгілі болғандай аймақтағы балалар дәрігері емдеу барысында барлық науқасқа бір шприц қолданған екен, деп жазды "Хабар 24".

Олардың көбі балалар екені белгілі болды.  

Қазір кезде оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Күдікті қамауға алынды. Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. 

Дәрігер болса, тағылған айыпты мойнына алмайды. Медициналық тексеру барысында дәрігерде де бұл қауіпті вирус бар екені анықталды. 

Сарапшылардың айтуынша, Пәкістанда 600 мыңнан астам біліксіз дәрігер жұмыс істейді. Үнемдеу мақсатында олар науқастарға қолданатын шприцті ауыстырмайтын көрінеді. 

Айта кетейік, 2017 жылы аймақта бұл вирусты 20 мыңнан астам адам жұқтырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы