50 мың доллар пара алған полицейлер ұсталды

13 Шілде 2022, 10:29
5388
Бөлісу:
50 мың доллар пара алған полицейлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың доллар сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Биылғы 8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды.

9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы