5 өңірде жабылған маңызды жолдар ашылды

4 Наурыз 2023, 10:52
774
Бөлісу:
5 өңірде жабылған маңызды жолдар ашылды
Фото: altaynews.kz

Өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар ішінара ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол ҰҚ-ға сілтеме жасап.

Таңғы сағат 08:00-дегі ақпарат бойынша республикалық трассадағы 7 участок жолы ашық. 

Шығыс Қазақстан облысы: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай- Рахман қайнары», 6-166 км. 

Павлодар облысы: «Омск-Майқапшағай» 520-587 км, «Жамбыл кенті- Абай облысы», «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 0-231 км. 

Абай облысы: «Омск-Майқапшағай» 587-733 км, Павлодар облысының аумағынан Семей қаласына дейін 

Қарағанды облысы: Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км, 

Ақтөбе облысы: «Самара-Шымкент» тас жолы, 776-965 км.

Өзгелердің жаңалығы