470 жолаушы ПТР анықтамасыз келген

6 Ақпан 2021, 12:10
1047
Бөлісу:
470 жолаушы ПТР анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 073 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 603 адам, анықтамасыз 470 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 323 жолаушы, анықтамамен - 935, анықтамасыз - 388;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 683 жолаушы, анықтамамен - 602; анықтамасыз - 81;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 35 жолаушы, анықтамамен - 34; анықтамасыз - 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 4 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген барлық 249 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы