43 градусқа дейін күн ыситын аймақтар аталды

31 Мамыр 2023, 17:15
783
Бөлісу:
43 градусқа дейін күн ыситын аймақтар аталды
Фото: Артём Чурсинов

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 2023 жылғы 1-03 маусымға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың болжамынша, жаз Қазақстанның барлық өңірлеріне күнтізбе бойынша келеді. 

Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайтын болады. Тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте + 37 + 43°С дейін, оңтүстік- шығыста +30 + 37°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы