42500 теңге: Елордада әлеуметтік көмекті 61 мыңнан астам адам алды

12 Сәуір 2020, 17:45
1830
Бөлісу:
42500 теңге: Елордада әлеуметтік көмекті 61 мыңнан астам адам алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осындай көмек алу үшін 200 мыңнан астам өтінім келіп түсті, деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік төлем алушылардың тізімі кеңейтілді. Өтінімдерді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-мен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен (МӘСҚ) бірлесе қарастырып жатырмыз. Қалалық штаб демалыссыз күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.
Өтінішті "Электрондық үкімет" веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы электрондық форматта беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12, 109(iKomek) хабарласуға болады, - деп жазды әкім.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, халықты қолдаудың басқа да шаралары іске асырылып жатыр. 

4 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмекті 41 мың отбасы алады. Олар – I,II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балалар, ерекше қажеттілігі бар баланың күтімімен айналысатын ата-аналар, АӘК алушылар. Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына "Birgemiz" ҚҚ картаға 50 000 теңге аудара бастады. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясымен бірлесе отырып, "Birgemiz" акциясы аясында 6 мың аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті берілді, - деді Көлгінов.

Елода әкімі наурыз айында азық-түлік себеті түріндегі кепілді әлеуметтік пакетті 2700 отбасыдан астам алғанын, 4,5 мың бала қамтылғанын айтты. 

Мемлекеттік әлеуметтік көмек сәуір айында да беріледі. Жыл басынан бері (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек 3 мың 400 отбасыға тағайындалды, - деп түсіндірді елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы