«Қазгидромет» РМК маусым айындағы Қазақстан аумағында болуы мүмкін құрғақшылық болжамын жариялады.
Сарапшылардың мәліметінше, 2026 жылғы маусымда Ақтөбе облысының Шалқар ауданында, Алматы облысының Балқаш ауданында, Жетісу облысының Қаратал ауданында, сондай-ақ Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында атмосфералық құрғақшылық күтіледі.
Бұл аймақтарда жергілікті құрғақшылықтың туындау қаупі жоғары. Салыстырмалы түрде алғанда, елдің өзге өңірлерінде ылғалдылық деңгейі орташа болады деп болжануда.
Елдің қалған аумағында ылғалдылық деңгейі осы айға арналған нормаға жуық болады деп күтілуде, – деп атап өтті «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты.