41 градус ыстық. ТЖМ далаға шықпауға кеңес берді

3 Маусым 2023, 17:01
811
Бөлісу:
41 градус ыстық. ТЖМ далаға шықпауға кеңес берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив

ТЖМ азаматтарға қатты ыстықта қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірінде 3-6 маусым аралығында қатты ыстық сақталады, - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

4-5 маусымда күндіз Астана қаласында қатты ыстық 36-38 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

3-5 маусымда Абай облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

4-5 маусымда күндіз Ақмола облысында қатты ыстық 35-41 градус сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

3-5 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 4 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық 41 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

3 маусымда күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

5 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 3-5 маусымда облыстың солтүстігінде шанды дауыл күтіледі. 3 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 3-5 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

3 маусымда күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 3-5 маусымда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

3 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 4 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

3-4 маусымда Қарағанды облысының шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 5-6 маусым күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 41 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

3 маусымда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 4 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстік жартысында өте қатты ыстық 41 градус сақталады. 03-05 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады

3 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. 4 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

3-4 маусымда Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 3 маусымда күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

4-5 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 40-41 градус сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

3 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

3-6 маусымда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-41 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:

- ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;

- аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз;

- күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;

- күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз.

Сонымен қатар азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері - халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай, - деп ескертті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы