400 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді

29 Наурыз 2023, 21:38
1048
Бөлісу:
400 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді
Фото: egov.kz

2023 жылғы 1  наурызда 444,9 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай  бойынша 84,7 мың отбасындағы 444,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 134,1 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Өзгелердің жаңалығы