40 млн теңге пара алған генерал-майорға қатысты іс прокуратураға жіберілді

29 Мамыр 2023, 12:27
662
Бөлісу:
40 млн теңге пара алған генерал-майорға қатысты іс прокуратураға жіберілді

Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады. 

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тлеукенов.

Өзгелердің жаңалығы