40 градус ыстық. «Қазгидромет» ескерту жариялады

9 Тамыз 2023, 08:00
950
Бөлісу:
40 градус ыстық. «Қазгидромет» ескерту жариялады
Фото: BAQ.KZ

«Қазгидромет» РМК 9 тамызда күн райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Астана қаласында өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығы мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдері ауданында жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Күндіз орталық аумақтарда 15-20 м/с күшпен жел соғады. Солтүстікте өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды. Солтүстік, батыс және шөлді аудандарда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі жоғары болады.

Күндіз Абай облысының оңтүстік бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтанудың аса жоғары қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігі мен орталығында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт шығу қаупі аса жоғары.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында қатты жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігі мен батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, найзағай кезінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

9-11 тамыз күндері Қызылорда облысының басым бөлігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы