-40 градус аяз, тұман: Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 Ақпан 2024, 23:08
734
Бөлісу:
-40 градус аяз, тұман: Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Артём Чурсинов -архив

21 ақпанда Астана қаласында және еліміздің жеті облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендейді.

Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман түседі деп болжанды.

Сондай-ақ 21 ақпан күні түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстік және шығыс аймақтарында көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы