"40-45 градусқа жетеді". Қазгидромет алдағы айға болжам жасады

25 Маусым 2024, 17:24
5164
Бөлісу:
"40-45 градусқа жетеді". Қазгидромет алдағы айға болжам жасады

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров елімізде шілдеде күн райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шілде айында елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ болжануда. Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр жекелеген күндері күтіледі. Ыстық күндер салқын күндермен ауысады. Негізгі температуралық фон батыста және оңтүстік аймақтарда +30+38 ыстық болады, кейбір күндері термометр бағаны 40-45 градусқа жетеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында температура +25+38 градус шегінде болжанады, – деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Қазгидромет құрғақшылық болуы мүмкін 10 шақты өңірді атаған еді.

Өзгелердің жаңалығы