4 қазанда елордада автобустар жүрмейді

2 Қазан 2020, 15:36
1039
Бөлісу:
4 қазанда елордада автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобустар бір күнге тоқтайды. Бұл туралы CTS-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Жексенбі күні, 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болады, - делінген CTS хабарламасында.⠀

Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды.⠀

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.

Өзгелердің жаңалығы