4 облыс аумағында қатты ыстық болады

20 Шілде 2023, 08:12
1040
Бөлісу:
4 облыс аумағында қатты ыстық болады
Фото: архив

«Қазгидромет» республикадағы 20 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады. Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы