4 млн теңге шашу: Ақтөбе мәслихатының депутаты шулы видеоға қатысты пікір білдірді

Депутат той себетіне неге 4 млн теңге салғанын түсіндірді.

Бүгiн 2026, 16:11
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:11
Бүгiн 2026, 16:11
196
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақтөбе мәслихатының депутаты шулы видеоға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желілерде тойда түсірілген видео қызу талқылануда. Видео кадрларынан Ақтөбе мәслихатының депутаты Аслан Қайырғалиевтің той себетіне 4 млн теңге салғанын көруге болады. Бұл желі қолданушыларының арасында үлкен резонанс тудырды.

Кейінірек, желідегі жағдайдан хабардар болған Аслан Қайырғалиев оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ол ақшаның өзіне тиесілі емес екенін мәлімдеді.

Бұл менің бала кезден бірге өскен жан досымның тойы болатын. Видеодан көргендеріңіздей, онда достар атынан жиналған сыйлықты табыстау сәті көрсетілген. Ол ақша менің жеке қаражатым емес екенін айтқым келеді. Қазіргі таңда бұл ісім, атап айтқанда ақшаны санап жатқан сәтім оғаш көрінуі мүмкін екенін түсінемін. Менің мақсатым назар аударту немесе біреуге әсер қалдыру емес еді, бұл жай ғана жақын досымның тойындағы эмоционалды сәт болатын, – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Аслан Қайырғалиев, сонымен қатар, сынды толықтай қабылдайтынын және болашақта мұндай жағдайларға жол бермеуге тырысатынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Оралда той кортежінде ереже бұзғандарға айыппұл салынды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Шымкентте жол қозғалысы ережесін бұзған автокортеж тоқтатылды

Қазақстанда ажырасудың ең қауіпті кезеңі анықталды: Статистика не дейді?

"Кері бағытта жүрген кортеж": Ақтөбеде жүргізушілер жауапқа тартылды

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASLAN KAIYRGALIYEV (@aslan.kaiyrgaliyev)

Наверх