4 маусымда республиканың бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі

3 Маусым 2023, 23:25
910
Бөлісу:
4 маусымда республиканың бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі
Фото: egemen.kz

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Алматыда күндіз найзағай күтіледі.

Түркістан облысының тау бөктерлі аудандарында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. 5 маусымда күндіз облыстың батысында, 6 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде ауа температурасы 41-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкент қаласында 4-6 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан қаласында 4-6 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде – 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 4-5 маусымда облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Петропавл қаласында 4 маусымда күндіз оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 4-5 маусымда 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде жел шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

3 маусымның сағат 21.00-ден 4 маусымның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 4 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Қостанай қаласында 4 маусымда күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 4 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, Алакөл көлдері ауданында – 25 м/с.

Өзгелердің жаңалығы