4 баланы өртенген үйден алып шыққан оқушыға көлік сыйлады

28 Желтоқсан 2021, 16:35
1201
Бөлісу:
4 баланы өртенген үйден алып шыққан оқушыға көлік сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңында «Allur» компаниялар тобы Мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады.

Өз кезегінде, мен Олегке Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатын табыстадым, сондай-ақ Олег Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, ал Олегтің анасы Валентина Пирог анасы ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды, - деді облыс басшысы.

Ел Президенті оқушыға ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты. 

Осындай жас кезіңде сен нағыз ерлік жасадың, қайғыға батқан балаларға батылдықпен және ойланбастан көмекке келдің, үлкен қасіреттің алдын алдың, - деп жазған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Олегтің ата-анасына балаларды лайықты тәрбиелегені үшін тағы да алғыс айтамын. Олегтің әрекеті балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де үлгі. Сонымен қатар  Мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны үшін директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевке «Allur» компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, кеше өрт салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасына Қостанай қаласындағы 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстадым, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы