Өкілеттігін теріс пайдалан жеке сот орындаушысы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушының борышкердің банк шоттарынан бұрын салынған тыйым салуларды заңсыз алғандығын анықтады.
Жеке сот орындаушының заңсыз әрекеттері нәтижесінде борышкер өндіріп алуға жататын ақша қаражатына өз бетінше билік ету мүмкіндігіне ие болған. Бірақ өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлеміндегі ақша аударылмаған. Сот үкімі бойынша жеке сот орындаушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөлігімен (жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдалануы) кінәлі деп танылды. Сот оған жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін сот орындаушылардың 180 миллион теңгені букмекерлерге аударғаны анықталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Атырау облысында 35 сот орындаушы жауапкершілікке тартылды
Алматылық сот орындаушы жалған құжатпен бюджеттен 4,2 млн теңге алған
Астанада төрт жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды