3,5 жыл бұрын ұрланған Ван Гог туындысы табылды

13 Қыркүйек 2023, 21:08
642
Бөлісу:
3,5 жыл бұрын ұрланған Ван Гог туындысы табылды

Қылқалам туындысы пандемияда уақытша жабылған Зингер Ларен музейінен ұрланып кеткен еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Алайда жуырда біреу туындыны қапқа салып, арт-детектив Артур Брандтың есігінің алдына қалдырып кеткен. Винсент Ван Гогтың өзі салған суреті екеніне көзі жеткен соң із кесуші картинаның табылғаны туралы айтты. 

Дегенмен детектив туындыны үйінің алдына қалдырып кеткен адамның қылмысқа қатысы жоғына сенімді. 884 жылы салынған «Көктемгі бақ» картинасы 2,5 мың еуроға сақтандырылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы