Еліміздің ақылы учаскелерінде 35 шақырым электр желісі ұрланған

9 Қыркүйек 2019, 11:07
1994
Бөлісу:
Еліміздің ақылы учаскелерінде 35 шақырым электр желісі  ұрланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол қызметінің күнделікті тексеру жұмыстарына қарамастан, ақылы учаскелерде жол элементтерін ұрлау фактілері азаймай тұр. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесінде 2018 жылдан бастап 10 ұрлық фактісі тіркелген.

"Кабельдер мен үй жануарлардың жолға шықпауы үшін орнатылған арнайы қоршаулармен қатар, басқа да бағалы техникалық-құралдар ұрлануда. 2018 жылдың сәуір айында демалыс алаңындағы оранда, ал биылғы жылдың тамыз айында ақылы учаскеден дизельді-генератор ұрланған. Сонымен қатар, 7 дана жарық прожекторы, 30-ға жуық жарық беретін құрылғы, 412 бірлік консоль ұрланған. «Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесінде 5 мың метрден астам қоршау ұрланған", - делінген хабарламада.

Кабельдер мен қоршауларды ұрлау фактілері Алматы облысындағы ақылы учаскелерде де жиі тіркеледі. Бұл облыстағы ұрлықтың ауқымы да кең.

"«Алматы-Қорғас» ақылы жолындағы қайта жаңарту жұмыстарынан кейін учаскеден 35 шақырым электр желісі ұрланған. Алайда, бұл аталмыш учаскедегі ұрлық фактілерінің тек бастамасы ғана. Байсерке, Ақбастау және Қазатком жол айырығында 3 трансформатор ұрланған. «Алматы-Қапшағай» учаскесіндегі үш рет ұрланған электр желілерінің жалпы көлемі 6 шақырымға жетеді. Жолдың бойындағы демалыс алаңдарынан орындық пен үстелдермен қатар, аялдама павильондарын ұрлаған фактілер де тіркелген", - делінген баспасөз хабарламасында.

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы жол белгілерін ұрлау жолдағы қауіпсіздікке әсер ететінін ескертеді.
Өзгелердің жаңалығы