Комитет: Шетелдік жолаушылардың барлығы ПТР анықтамамен келген

9 Маусым 2021, 11:42
2024
Бөлісу:
Комитет: Шетелдік жолаушылардың барлығы ПТР анықтамамен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 8 маусымында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.

2021 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Грузия, Украина, Түркия, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 609 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 362 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 224 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 458 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 4 рейс, 540 жолаушы,

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 25 жолаушы.

Комитеттің хабарлауынша, барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Өзгелердің жаңалығы