35 елден келген барлық жолаушыда ПТР анықтамасы болған

23 Мамыр 2021, 11:03
1784
Бөлісу:
35 елден келген барлық жолаушыда ПТР анықтамасы болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 22 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.

2021 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 733 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 903 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 922 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 613 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 182 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы