342 жолаушы анықтамасыз келген

14 Ақпан 2021, 11:27
1526
Бөлісу:
342 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

2 242 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ел азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 12 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы