33 мың маңғыстаулық баспаналы болады

5 Қазан 2021, 09:42
13695
Бөлісу:
33 мың маңғыстаулық баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен саласында 25 инвестициялық жоба іске асырылады.

Сонымен қатар ведомство басшысы АӨК субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелері субсидияланатынын алға тартты.

Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан магистральдық газ құбыры және «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағы салынатын болады. Оның ішінде 118 км электр желісі, 74,4 км жылу желісі және 508 км газ құбыры салынады және жаңғыртылады, - деп атап өтті Әсет Ерғалиев.

Сондай-ақ 4 млн шаршы метр тұрғын үй, 220 мың шаршы метр жалға берілетін және тұрғын үй салу және пайдалануға беру бойынша жұмыс жалғасын табады. Бұл шамамен 33 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы қуаттылығы тәулігіне 260 000 м3 болатын 9 тұщыландыру зауыты салынады. 844 км сумен жабдықтау және 949 км су бұру желілері салынады және реконструкцияланады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы