32 жоба бойынша жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр – Жеңіс Қасымбек

2 Шілде 2022, 07:39
1466
Бөлісу:
32 жоба бойынша жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр – Жеңіс Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысыныі әкімі облыс орталығындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

Облыс орталығындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстым. Осыған дейін балалар алаңдарын абаттандыру сапасына қатысты тұрғындар тарапынан шағымдар айтылған еді. Бұл ретте аудан әкімдеріне қолданылатын материалдардың сапасына ерекше назар аударып, жұмыстардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырдым. Қазыбек би атындағы ауданда 14 аула кешенді түрде абаттандырылады. Ал Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда бес футбол алаңы салынып, 12 аула кешенді түрде жабдықталады, – деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар ол Күнгей және Үлкен Михайловка аудандарында 17 балалар ойын алаңы салынатынын айтты.

Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Қалада барлығы 32 жоба бойынша жолдарды орташа жөндеу жүргізілуде. Тәттімбет көшесі мен Шахтерлер даңғылының қиылысында асфальтбетонның жоғарғы қабаты ауыстырылды. Облыстық балалар ауруханасына апаратын 900 метр жол жөнделуде. Күзде аталған медициналық мекеме пайдалануға беріледі, – деді әкім.

Оның айтуынша, 7-ші магистраль бойынша автомобиль жолын күрделі жөндеу жалғасуда. 

Карл Маркс көшесі – ХМК көпірі жолындағы жұмыстардың 70 пайызы жасалды. Бұл жолды 15 шілдеге дейін ашу жоспарлануда. Ал Майқұдық саябағында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Саябақта велотрек, жүгіруге арналған жолдар, спортпен айналысуға арналған аймақтар, балалар алаңдары мен қоғамдық тамақтану бекеттері салынып, жаңартылған құрғақ субұрқақ пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстар күзге қарай аяқталады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы