32 градус ыстық және нөсер жаңбыр: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде 30 градус ыстық болады

Бүгiн 2026, 14:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:20
Бүгiн 2026, 14:20
330
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп болжайды. Кейбір өңірлерде термометр бағандары 32 градусқа дейін жоғарылайды.

«Қазгидромет» РМК нақтылауынша, келесі аймақтарда ауа температурасы көтеріледі.

  • Солтүстікте: 18-27 градус жылы;

  • Орталықта: 22-30 градус жылы;

  • Шығыста: 20-28 градус, таулы аймақтарда 10-15 градус жылы;

  • Оңтүстікте: 27-32 градус, таулы аймақтарда 22 градус жылы;

  • Оңтүстік-шығыста: 20-30 градус, таулы аймақтарда 10-15 градус жылы.

Сонымен қатар, күндізгі ауа температурасы батыста 7–18 градусқа, солтүстік-батыста 10–20 градус жылыға дейін төмендейді.

Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, сондай-ақ түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер мамыр айындағы ауа райын болжады. 

Наверх