31 жылдық жауынгерлік тарих

10 Қаңтар 2023, 15:04
1186
Бөлісу:
31 жылдық жауынгерлік тарих

Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер әрдайым басты назарда, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлініп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық ұланның жауынгерлік тарихы 1992 жылдан бастау алып, жеке құрам өздері өткен 31 ішінде заман талаптарына сай толық қалыптасты. 

Қостанай қаласы 6697 әскери бөлімінің командирі, полковник  Талғат Әбдіров Отан қорғау ісі, жалпы әскери сала жайында әңгімелеп берді.

Жасыратыны жоқ, тәуелсіздікті иеленген кезде өтпелі кезеңнің уақытша қиыншылықтарының құрсауында қалғанымыз рас. Басқаны айтпағанның өзінде қарапайым ғана электр жарығының болмаған кездерін бастан өткізді. Елге адал қызмет етіп, Отан қорғауды ең қастерлі қызмет санаған азаматтарымыз мұндай жағдайларға төзімділік танытты, - дейді ол сөзінде.

Полковник  Талғат Әбдіров атап өткендей, Ұлттық ұлан тарихында Отанымыздың қауіпсіздігін жанқиярлықпен қамтамасыз еткен әскери қызметшілердің ерлігі, батырлығы және адалдығы туралы мысалдар, үлгі тұтарлық оқиғалар көп. 

6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қысылғанға, жәбір көргенге, қиналып көмек сұрағанға уақытылы жәрдем беріп, құтқарып, ерге тән істерді еселеп келеді. Мәселен, былтыр әскери бөлімнің жеке құрамы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай, Новонежин ауылдарының маңында болған өртті сөндіруге тартылды. Әскери қызметшілер өрт ошақтары мен тілсіз жау әлі шарпымаған жерлердің арасын арнайы техниканың көмегімен  жырып, қалған аумақтарын сақтап қалу үшін тиісті жұмыстар атқарды, - дейді әскери сала маманы. 

Олар өрттен, судан құтқару, жоғалғанын іздеп, табу деген  сияқты оқиғалар. Мінекей, бүгінде Ұлттық ұлан – өз Отанының нағыз патриоттары қызмет ететін әскер, беделді қызметке айналды. 

6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алдағы уақытта да әскери жолды қасиетті қорғауға және көбейтуге, әскери әзірліктерін және кәсіби шеберліктерін арттыратына сенімдімін. Ұлттық ұланның 31 жылдығына орай Ұлттық ұланның ардагерлеріне және жеке құрамына зор денсаулық, бақыт, елге қызметте табыстар тілеймін. Ұлттық ұланның айбыны асқақтап, жеке құрамның күш-жігері әркез мықты болсын! – деп ізгі тілегін айтты 6697 әскери бөлімінің командирі, полковник  Талғат Әбдіров.

Өзгелердің жаңалығы