31 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльді сатып алу және сату бағамдары ұсынылды.

 ©BAQ.KZ 31 Қазан 2026, 09:51
31 Қазан 2026, 09:51
116
Фото: ©BAQ.KZ

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында тұрғындар долларды орта есеппен 449,94 теңгеден сата алады, ал сатып алу бағамы – 456,94 теңге. Еуроны орта есеппен 501,99 теңгеден өткізіп, 511,99 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 5,36 теңгеден сатуға, ал 5,56 теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар.

Алматы тұрғындары бір долларды орта есеппен 452,32 теңгеден сата алады, ал сатып алу бағамы – 493,81 теңге. Еуроны орта есеппен 504,07 теңгеден өткізіп, 552,24 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді сатқанда 5,36 теңге алуға болады, ал сатып алу құны – 5,47 теңге.

Шымкент тұрғындары долларды орта есеппен 452,09 теңгеден сата алады, ал 455 теңгеден сатып ала алады. Еуроны сатқанда шамамен 505,43 теңге алуға болады, ал сатып алу бағамы орта есеппен 509,75 теңге. Ресей рублін 5,35 теңгеден өткізіп, 5,45 теңгеден сатып алуға болады.

Бүгінгі ресми валюта бағамдары төмендегідей: 1 доллар – 453,87 теңге, 1 еуро – 508,33 теңге, 1 рубль – 5,65 теңге.

Наверх