3,1 пайыз. Министр 2022 жылды қорытындылады

11 Қаңтар 2023, 09:24
1426
Бөлісу:
3,1 пайыз. Министр 2022 жылды қорытындылады

Теріс сыртқы факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 3,1% деңгейде  тұрақты өсімге қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,2%-ті, ал қызмет  көрсету саласында – 2,5%. Оң өсу қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өңдеу қарқыны 1%-ке  төмендеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 7,8%, - деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің атап өтуінше, экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 15,4%-ке, ауыл шаруашылығында – 6,9%-ке, көлік және қоймалауда – 5,5%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте 5,6%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 14,2%-ке ұлғайды.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы  облыстарында, сондай-ақ Шымкент және  Астана қалаларында байқалды. 2022 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда тауар айналымы 33,4%-ке өсіп, 122,2 млрд  долларға жетті.  Оның  ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 42,4%-ке өсіп, 77,6 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,8%-ке ұлғайып, 24,1 млрд  долларға өсті, - деді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы