30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

30 Желтоқсан 2023, 08:10
641
Бөлісу:
30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және екпінді жел соғады.

Солтүстік Қазақстанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жел тұрады. Күші 30 м/с және одан да жоғары болады.

Өзгелердің жаңалығы