3 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды

22 Қараша 2023, 09:28
957
Бөлісу:
3 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайы BAQ.KZ.

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде.

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы