3 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды

21 Желтоқсан 2020, 11:03
1422
Бөлісу:
3 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 824 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 461 адам, анықтамасыз 363 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 633 жолаушы, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз - 143;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен - 922; анықтамасыз - 220;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 

2020 жылдың 19 желтоқсанында анықтамасыз келген 237 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Өзгелердің жаңалығы