3 жасар егіздерді зорлаған өгей әке қалған өмірін түрмеде өткізеді

29 Наурыз 2024, 09:47
497
Бөлісу:
3 жасар егіздерді зорлаған өгей әке қалған өмірін түрмеде өткізеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматы облысында кішкентай қыздарды зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысында 3 жасар егіз қыздар мен 9 жастағы қызды зорлап, жантүршігерлік қылмысқа барған ер адамға сот үкім шығарды. Бұл туралы Балалар жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. Сот жалғыз педофилге емес оның жұбайын да жазалады. Оның жұбайы егіз қыздардың әжесі, 9 жастағы қыздың анасы болып шықты. 

Омбудсменнің сөзінше, ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы - 25 жылға сотталды.

Еске салсақ, 2023 жылдың қазанында Алматы облысы Балқаш ауданында 40 жастағы ер адам үш жасар егіз қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталды. Сол кезде күдіктінің жұбайы да құрықталған болатын. 

Бұдан кейін Динара Зәкиева зорлық-зомбылыққа тап болған қыздардың жағдайын білу үшін ауруханаға, сосын осы отбасының басқа да балаларының жағдайын білу үшін "балалар үйіне" барып қайтты. 

Сондай-ақ қыздарға олардың жарақатына байланысты операция жасалғаны хабарланды.

Тергеу барысында сұмдық жайттар анықталды. Белгілі болғандай, әйел өзінің күйеуімен бірге 7 жастағы туған қызының жыныстық мүшесін көсеумен күйдірген екен. Оны зорлық-зомбылық ізін жасыру үшін жасаған. Осыдан кейін балақай отбасында тағы екі жыл тәрбиеленген көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы