3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

14 Тамыз 2022, 07:37
862
Бөлісу:
3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

14 тамыз, жексенбі күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін  атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы