Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 млн қазақстандық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлады 24.kz.
Өйткені расталған тұрақты кірісі жоқ. Мысалы, қатерлі ісік ауруының алдын алуға арналған скринингтердің 80%-ы сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Қос палата отырысында сенатор Нұртөре Жүсіп осындай дерек келтірді.
Оның айтуынша, «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне өзін өзі жұмыспен қамтығандардың 44%-ынан және жалдамалы қызметкерлердің 76%-ынан ғана жарналар түседі.
Осылай деген депутат Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне көбірек тартып, жарналарды төлемегені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды ұсынды.