"3 544 тұрғын жауапқа тартылды": Павлодарда жүгенсіз жүргізушілер азаймай тұр

16 Тамыз 2020, 18:20
1402
Бөлісу:
"3 544 тұрғын жауапқа тартылды": Павлодарда жүгенсіз жүргізушілер азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 146 жүргізуші 7 жылға көлік тізгініне отыру құқығынан айырылған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол қозғалысындағы құқық бұзушылық туралы статистиканы мәлім етті.

Тізімді жылдам жүруді "жақсы көретін" жүргізушілер бастайды. 2020 жылдың 7 айы ішінде 9731 жүргізуші жылдамдықты асырған. Қауіпсіздік белдігін елемейтін жүргізушілер де олардан қалыс емес, олар – 4 593 адам. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер - екі тең жол қозғалысына қатысушы және барлық жол қозғалысы ережелеріне бірдей бағынады. Өкінішке қарай, жаяу жүргіншілер ережелерді қатаң сақтай алмайды. 7 ай ішінде белгіленбеген жерде жүру бөлігінен өткені үшін 3 544 тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.  
Сондай-ақ бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай жүргені үшін облыстың 1 894 тұрғынына қатысты әкімшілік материалдар толтырылған.
Жыл басынан бері 734 жүргізуші мас күйінде бола тұра рөлге отырған. Оның ішінде 146 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды. 766 жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы