290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

290 млн теңгеден астам салық төлемеген күдікті шетелге қашып кеткен. Ол Краснодарда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Енді оны 8 жылға дейін түрме күтіп тұр.

21 Тамыз 2026, 10:11
АВТОР
 видеодан алынған кадр 21 Тамыз 2026, 10:11
21 Тамыз 2026, 10:11
99
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде салықтөлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматынРесей Федерациясынан экстрадициялады.

Тергеу барысында күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Наверх