Синоптиктер 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігіндегі ауа райын ауқымды антициклон анықтайды.
Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Республиканың кей өңірінде жел күшейеді. Солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың батысында, шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Оқи отырыңыз: